Мазмұны
- Кальций тапшылығының себептері
- Кальций жетіспейтін тырнақ қандай болады?
- Жағдайды қалай түзетуге болады?
Кальций адам ағзасында көптеген маңызды функцияларды орындайды. Ол сүйек тінінің басты құрамдас бөлігі болып табылады, көптеген ферменттердің жұмысына қатысады және жүйке импульстарының берілуін реттейді. Сонымен қатар, тырнақтың, шаштың және тістің сыртқы түрі ағзадағы кальций деңгейіне байланысты, өйткені ол олардың құрылымының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл макроэлементтің неліктен ағзада жетіспеуі мүмкін екенін және оның хал-жайға қалай әсер ететінін қарастырайық.
Кальций тапшылығының себептері
Тапшылық жағдайы үш себептің бірінен үдейді: осы микроэлементке аса қажеттілік артса, ол ағзаға жеткіліксіз түссе және оның денеге сіңірілуі бұзылған жағдайда. Осылайша, ағзадағы кальцийдің жетіспеушілігі келесі жағдайларда байқалады:
Бір таблетканың құрамында: | Кальцемин | Кальцемин Адванс |
---|---|---|
Кальций | 250 мг | 500 мг |
D3 | 50 ХБ | 200 ХБ |
Мыс | 0,5 мг | 1 мг |
Мырыш | 2 мг | 7,5 мг |
Марганец | 0,5 мг | 1,8 мг |
Бор | 50 мкг | 250 мкг |
Ағзадағы кальций алмасуының бұзылуына D дәруменінің жетіспеушілігі де әкелуі мүмкін. Өздеріңіз білетіндей, бұл зат күн сәулесінің әсерінен теріде синтезделеді. Тап осы D дәрумені аш ішектегі кальцийдің сіңірілуіне жауап береді.
Кальций жетіспейтін тырнақ қандай болады?
Тырнақтың сыртқы түрі – адам денсаулығының көрсеткіштерінің бірі. Әдетте тырнақ пластинасы біркелкі, жылтыр, мықты. Бозқызғылт түсті. Тырнаққа кальцийдің жетіспеуі келесі проблемалардың пайда болуымен қауіпті:
Сонымен қатар, тырнақтың бетінде ақ дақтар мен жолақтар байқалуы мүмкін. Мұндай симптомдар, жоғарыда айтылғандармен бірге, ағзада кальций мен дәрумендердің айтарлықтай жетіспеушілігін көрсетеді.
Жағдайды қалай түзетуге болады?
Кальцийдің жетіспеушілігін өтеудің және тырнақтың күйін жақсартудың екі жолы бар: тамақтануды қалыпқа келтіру арқылы немесе арнайы препараттардың көмегімен. Дегенмен, бұл заттың тәуліктік қажеттілігін дұрыс тамақтану арқылы ғана толтыру біршама қиын.
Бұл процестің бірқатар ерекшеліктері бар:
- Бірдей азық-түліктің (мысалы, сүзбенің) құрамында кальций мөлшері өндірушіге байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан бұл минералдың жеткілікті мөлшерінің ағзаға енгенін анықтау өте қиын.
- Кальцийге деген қажеттілікті толық қанағаттандыру үшін тіпті құрамында оның мөлшері өте жоғары өнімдерді де едәуір көп тұтыну қажет. Мысалы, күніне бір литр сүт ішу немесе бір келі сүзбе жеу керек. Тамақтану тәртібінің бұл түрі баршаға жарамайды.
- Тамақ құрамында ағзаға әртүрлі (кейде жағымсыз) әсер ететін басқа да көптеген заттар болады. Мысалы, пармезан кальцийдің негізгі көздерінің бірі болып табылады, бірақ сонымен бірге ода қаныққан майдың мөлшері көп. Күн сайын осы өнімнің 150 г тұтыну арқылы кальций тапшылығын толтыруға болады. Бірақ сонымен бірге атеросклероздың пайда болу қаупі де айтарлықтай артады.
Сонымен қатар, сүт өнімдеріне аллергияның таралу фактісін ескеру қажет. Кальцийдің жетіспеушілігін тек өсімдік тағамдарымен толтыру одан да қиын мәселе. Ал құрамында қымыздық пен фитин қышқылдары бар өнімдерді (мысалы, шпинатты) бір уақытта қабылдаған жағдайда, ішекте минералдардың сіңірілуі тіпті бұзылуы мүмкін. Сондықтан дәрі-дәрмек қабылдау көп жағдайда тырнақты нығайту үшін қажет кальцийді алудың әлдеқайда тиімді, қауіпсіз әрі қолайлы әдісі болып табылады.
Көптеген препараттардан айырмашылығы, Кальцемин® Адванстың құрамында кальций, D3 дәрумені, магний, мырыш, мыс, марганец пен бор бар. Препаратты емдеу мақсатында да, тырнақты нығайту, остеопороздың, әртүрлі тіс ауруларының, пародонттың, сондай-ақ ағзаға кальцийдің қосымша түсуін қажет ететін басқа да жағдайлардың профилактикасы үшін де қабылдауға болады.
Қорытындылай келе, кез-келген дәрі-дәрмекті қабылдауды дәрігер ұсынуы керектігін ескертеміз. Сондықтан тырнақ күңгірт және сынғыш бола бастаған кезде маманға жүгіну керек. Әрине, мұндай проблемалар көбінесе кальцийдің жетіспеушілігімен немесе оның сіңірілуінің бұзылуымен байланысты, бірақ кейбір жағдайларда ауыр дерттер де ұқсас симптомдарды көрсетеді.