Кальцийдің шайылуы

Мазмұны

Сүйектің осал болуы неден?

Сүйектің осал болуы остеопороз деп аталатын жай-күймен байланысты. Остеопороз кезінде сүйектің құрылымы бұзылады, олар ысқыш тәрізді кеуекті болып, оңай сынады.

Неліктен остеопороз дамиды?

Себептері көп, бірақ қандай жағдай болмасын остеопороз кезінде сүйек тіні қалыпты түрде жаңаруды және кальцийді сақтауды тоқтатады.

Әдетте, сүйек тінінің жаңару процесі үнемі жүреді. Остеопороз кезінде сүйек опырылады, бірақ жеткілікті дәрежеде қалпына келмейді. Остеопороздың пайда болуының себебі – көп жағдайда менопаузадан кейінгі гормондық өзгерістер. Әйелдің жыныс гормондары сүйек ақуызының - коллагеннің синтезіне әсер етеді. Коллаген матрицаны - тордың бір түрін түзеді, оның қуыстарына кальций орнығады. Менопаузадан кейін коллаген синтезі төмендейді, сөйтіп сүйектің кальцийді сақтау қабілеті төмендейді.

Нәтижесінде сыну қаупі тіпті кішігірім жүктемелер немесе жарақаттар алғанның өзінде айтарлықтай артады. Проблема кең таралған: статистикаға сәйкес, Қазақстанда 50 жастан кейін 10 әйелдің 8-і остеопороздан зардап шегеді1.

Өкінішке орай, остеопороз жас шақта да дамуы мүмкін. Қауіп факторлары кальцийге бай тағамдарды жеткіліксіз қабылдау, газдалған сусындарды, кофені, кейбір дәрі-дәрмектерді шамадан артық тұтыну және бірқатар аурулар болып табылады.

Қауіп-қатер топтары

45 жастан кейін кальций қоры айтарлықтай азая бастайды. Бұл ерлерге де, әйелдерге де қатысты, бірақ жоғары қауіп тобында - менопаузадан кейінгі әйелдер. Сонымен, менопауза басталғаннан кейінгі алғашқы бес жылда әйелдің сүйек массасының жоғалуы оның өмір бойы жоғалтқан сүйек массасының 1/3-ке дейінгі бөлігін құрауы мүмкін3.

Егер бала (жасөспірім) сүйек массасының шыңына жетпесе, оның кейінгі өмірінде остеопороз қаупі жоғары болуы мүмкін. Сүт өнімдері сияқты кальцийге бай тағамдарды жемейтін адамдар да қауіп-қатер тобына кіреді.

Кальцийдің ағзадан шайылуын қалай тоқтатуға болады?

Сынудың және остеопороздың алдын алу үшін барлық әйелдерге (әсіресе 45-тен асқандарға) кальций қажет екенін бәріміз білеміз. Ағза кальцийді дұрыс сіңіру үшін D3 дәрумені қажет, яғни оны тамақпен бірге жеткілікті мөлшерде тұтыну керек немесе күн сәулесінің астында көп уақыт өткізу керек, ал бұл әрдайым мүмкін бола бермейді, әсіресе біздің климаттық жағдайларда.

Сондықтан кальций препараттары оның сіңірілуіне көмектесетін D3 дәруменімен байытылған.

Бірақ сүйектің толық минералдануы үшін тек кальций мен D3 дәруменін қабылдау жеткіліксіз екенін көп адамдар біле бермейді, өйткені кальцийдің сүйек тінінен шайылатын қасиеті бар. Сондықтан сүйекті кальциймен қанықтырып қана қоймай, оның шайылуын тоқтату керек.

Ол үшін сүйек тінінің негізгі ақуызы - коллаген синтезін қолдау өте маңызды, өйткені кальций коллаген түзетін арнайы қуыстарға орнығады. Коллаген синтезіне остеотропты деп аталатын минералдар әсер етеді: мыс, магний, мырыш, марганец пен бор. Мысалы, мыс коллаген жіптері арасында «айқаспалы байланыстардың» пайда болуына ықпал етеді, сөйтіп дұрыс құрылымның түзілуіне қатысады, ал мырыш сүйек тініне жағымды әсер ететін гормондардың синтезін қолдайды.

Сондықтан кальцийдің сүйектен шайылуын және остеопороздың дамуын болдырмау үшін кальций мен D3 дәруменін мыс, магний, мырыш, марганец және бор сияқты белгілі минералдардың жиынтығында қабылдау керек және мұндай жиынтықтың тиімділігі тәуелсіз клиникалық зерттеуде расталған4.

1. Гависова А. А., Твердикова М. А., Якушевская О. В. Остеопороз: современный взгляд на проблему // РМЖ. 2012. № 21. С. 1110–1116. 

2. Лесняк О. М., Беневоленская Л. И. Остеопороз. Диагностика, профилактика и лечение. Клинические рекомендации. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2012. 

3. Мкртумян А. М., Бирюкова Е. В. Бифосфонаты в терапии постменопаузального остеопороза // Лечащий врач. 2007. № 2. 

4. Saltman P. D., Strause L. G. The role of trace minerals in osteoporosis. J Am Coll Nutr. 1993 Aug; 12 (4): 384–389.