Жүктілік кезінде кальций қабылдау

Мазмұны

Жүкті әйелдің ағзасына белгілі бір заттардың жетіспеушілігі ана үшін ғана емес, ұрық үшін де қауіпті. Баланың әйелдің құрсағында дұрыс дамуы оның өсуіне және мүшелерінің қалыптасуына қажетті барлық заттар толық қамтамасыз етілгенде ғана мүмкін болады.

Жүкті әйелдердегі кальций тапшылығы - бұл гестациялық кезең мен босанудың қалыпты барысын қиындатуы мүмкін жиі кездесетін проблема. Бұл жағдай, әсіресе жүктілік кезінде анықталған болса, уақтылы түзетуді талап етеді. Алдын алу шарасы ретінде дәрігер осы макроэлементтің қалыпты деңгейін сақтауға көмектесетін кальций препараттарын тағайындай алады.

Жүкті әйелдің ағзасындағы кальцийдің рөлі

Кальций – кез келген адамның ағзасына қажетті макроэлемент. Ол бірқатар маңызды функцияларды атқарады:

синтез

Биологиялық белсенді заттардың (пептидтік гормондар, нейромедиаторлар) синтезіне қатысу.

кровь.

Қанның ұю процестерін реттеу.

сигналы

Жасушалардың сигналдар беруіне қатысу – рецепторларды ынталандыру кезінде кальций иондары жасушалар бетіне шығып, ақуыз молекулаларына белсендіру сигналын береді.

регуляция

Сүйек тінінің түзілу және жойылу процестерін реттеу (D дәруменімен бірге).

мышцы

Бұлшықет талшықтарының жиырылуына қатысу.

Бұл макроэлементтің ағзаға не үшін қажет екендігінің шағын тізімі ғана. Жүкті әйелдерге кальций ұрықтың және тірек-қимыл, эндокриндік, қан тамырлар сияқты оның ағзасының жеке жүйелерінің қалыпты дамуы үшін қажет. Бергі уақытта ағзадағы кальций тапшылығы мен жүктіліктің әртүрлі асқынуларының даму ықтималдығы арасындағы байланыс дәлелденді. Бұл, әсіресе, преэклампсия мен эклампсияға – әйелдерде гестациялық кезеңде байқалуы мүмкін қауіпті жағдайларға қатысты. Кальцийді күнделікті қабылдау гестоздан туындаған төмендегі симптомдар кешенінің алдын алуға көмектеседі:

  1. Қан қысымының жоғарылауы.
  2. Ақуыздың несеппен шығуы.
  3. Жайылған клонустық-тонустық тырысу.
  4. Жұмсақ тіндердің ісінуі.

Әдетте, жүктіліктің ерте кезеңінде сау әйелдің күретамырлық қысымы төмендейді, содан кейін гестациялық кезеңнің соңына қарай біртіндеп жоғарылайды. Бұл тепе-теңдік ананың немесе ұрықтың аурулары, көпұрықтық жүктілік, дұрыс емес тамақтану рационы себепті бұзылады. Жүктілік кезіндегі сырттан түсетін кальций әйелде күретамырлы қысымның көтерілуіне жол бермейді, сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны профилактикалық зат ретінде ұсынады2.

Жүктілік кезіндегі кальций тапшылығының алдын алу және емдеу

Жүкті әйелдерде гипокальциемияны болдырмаудың ең қарапайым жолы - кальциймен байытылған тағамдарды, соның ішінде жасанды байытылғандарын тұтыну. Оларға ашымал сүт өнімдері мен ірімшіктер, майлы балық, жаңғақ, дәнді дақылдар мен көк жатады. Бірақ кейде рационды түзету ағза үшін жеткіліксіз, сондықтан жүктілік кезінде қандай кальцийді ішуге болады деген сұрақ өзекті болады.
Жүктілік кезінде кальцийді қашан ішу керектігін дәрігер жеке негізде шешеді. Препараттарды қабылдау жүктілікті жоспарлауды бастаған сәттен бастап босанғанға дейін рұқсат етіледі. Әдетте, дәрігерлер жүктіліктің 20-шы аптасынан басталатын тағайындау тәсімін ұстанады, ал қауіп факторлары болса, қабылдауды жүктілік анықталған сәттен бастау керек.

Жүкті әйелдер кальцийді қабылдай алады ма деген сұраққа жауап бәріне бірдей әмбебап бола алмайды. Жүктілік кезінде кальций препараттарын қолдану қажеттілігі туралы шешімді дәрігер әйелді тексеріп, жеке қажеттіліктер мен қауіптерді бағалағаннан кейін қабылдайды.

Тамақтану рационы осы элементпен жеткілікті байытылған әйелдерге кальций препараттары, әдетте, тағайындалмайды. Гипокальциемия қаупі болған жағдайда (созылмалы аурулар, ас қорыту және сіңіру бұзылыстары, көпұрықты жүктілік), кальцийді профилактикалық қабылдау орынды.

Кешенді дәрумендердің құрамына кіретін таблетка түріндегі әлде ұнтақ тәрізді кальцийдің қайсысы жақсы екендігі туралы пікір де талқылау тақырыбы болып табылады. Бұл жеке қалауға байланысты болуы мүмкін, бірақ жүктілік кезінде қандай кальцийді қабылдау керектігін шешетін кезде бірнеше факторларды ескеру қажет:

  • Егер препарат ұнтақ түрінде болса, оның дозасын есептеу кезінде қателесу қаупі бар. Сондықтан, әр уақытта қажетті мөлшерді дәл өлшеу мүмкін болмаса, өндіруші шығарған дозаланған түрлерін таңдау керек.

Кальцийі бар кешенді препараттарды қабылдау кезінде бұл элементтің мөлшері ұсынылғаннан тәуліктік нормадан төмен болуы мүмкін. Бұл тапшылықтың орнын толтыру үшін бірнеше таблетка қабылдау қажет, бірақ бұл жағдайда да басқа микроэлементтердің рұқсат етілген дозаларынан асып кету ықтималдығы бар.

Тақырып бойынша материалдар

Ағзадан кальцийдің шайылуын қалай тоқтатуға болады?

Ағзадан кальцийдің шайылуын қалай тоқтатуға болады?

Остеопороз кезінде сүйек тіндері қалыпты түрде жаңарылуын және кальцийді өзінде сақтауды тоқтатады, сүйек опырылып, жеткілікті дәрежеде қалпына келмейді. Остеопороздың пайда болуының ең көп себебі - менопаузадан кейінгі гормондық өзгерістер.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Жүктілік кезінде Кальцемин қабылдау

Жүктілік кезінде Кальцемин қабылдау

Кальций - адам ағзасындағы ең көп таралған минерал. Ол бұлшықеттің жиырылуы, сүйектің түзілуі, ферменттер мен гормондар өндірісі сияқты көптеген процестерге қатысады. 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Ағзадан кальцийдің шайылуын қалай тоқтатуға болады?

Ағзадан кальцийдің шайылуын қалай тоқтатуға болады?

Остеопороз кезінде сүйек тіндері қалыпты түрде жаңарылуын және кальцийді өзінде сақтауды тоқтатады, сүйек опырылып, жеткілікті дәрежеде қалпына келмейді. Остеопороздың пайда болуының ең көп себебі - менопаузадан кейінгі гормондық өзгерістер.

ТОЛЫҒЫРАҚ