Мазмұны
- Егде адамдардағы остеопороздың себептері
- Егде адамдардағы остеопороздың симптомдары
- Аурудың даму дәрежелері және олардың диагностикасы
- Егде адамдардағы остеопорозды қалай емдеуге болады?
- Егде адамдардағы остеопороздың профилактикасы
Сүйек тығыздығының төмендеуі 50 жастан асқан әйелдердің шамамен 33%-ында және ерлердің 26%-ында байқалады1. Кальцийдің жоғалуы – егде жастағы остеопороздың негізгі себебі. Бұл әлемдегі ең таралған жұқпалы емес аурулардың бірі. Жасы ұлғайған сайын егде жастағы әйелдер мен ерлерде остеопороздың даму ықтималдығы артады1.
Остеопороз кезінде сынықтар ең аз әсерден де пайда болады. Олар «төмен энергиялық жарақаттар» деп аталады, көбінесе кәріжілікте, тоқпан жілікте, сан сүйегінің мойынында және омыртқа денелерінде пайда болады. Қазақстанда 50 жастан асқан әйелдердің 18%-ында және ерлердің 6%-ында сан сүйегі мойынының остеопороздық сынықтары тіркеледі2. Мұндай сынықтардан болатын өлім-жітім 30,8-ден 35,1%-ға дейін өзгеріп тұрады3.
Егде адамдарда сынықтардың қауіпті салдарын остеопороздың ерте диагностикасы, профилактикасы және адекватты емі арқылы болдырмауға болады.
Егде адамдардағы остеопороздың себептері
Сүйекте ескі сүйек тіні үнемі жойылып, жаңа сүйек тіні пайда болады. 50 жастан кейін адам оны бірте-бірте жоғалта бастайды: әйелдер 804 ал ерлер 90 жасқа дейін сүйек массасының шамамен 30%5.
Күрделі проблемалар әйелдерде постменопауза кезеңінде, эстроген гормонының өндірісі айтарлықтай төмендеген кезде басталады. Осы себепті көп адамдар бұл ауруды негізінен әйелдерге тән ауру деп санайды. Әйелдердегі омыртқаның остеопороздық зақымдануы 50 жастан бастап-ақ жүйелі емделуді қажет етуі мүмкін. Сондықтан остеопорозбен ауыратын әйелдерге гормондық препараттарды қабылдау жиі ұсынылады6.
Ерлерде гормоналды фактор қандағы тестостерон деңгейінің төмендеуіне байланысты 60 жастан кейін әсерін тигізе бастайды. Остеопороз көбінесе ішімдікке салыну, эндокриндік бұзылыстар, бауыр, бүйрек, асқазан-ішек жолдарының аурулары және дұрыс тамақтанбау жағдайларында пайда болады7.
Егде адамдардағы остеопороздың симптомдары
Көбінесе ауру аяқ-қол сынғаннан кейін ерекше жерлерде - кәріжілікте, иықта, санда анықталады. Арқадағы ауырсыну, мүсіннің бұзылуы, бойдың аласаруы және омыртқаның қисаюы омыртқаның компрессиялық сынуын, кейде бірнеше жерден сынуын білдіруі мүмкін. Оларға кальцийдің, басқа да минералдардың және D дәруменінің жетіспеушілігінің симптомдары қосылуы мүмкін: тырнақ пен тістің сынғыш болуы, терінің қатты құрғауы және т.б.
Аурудың даму дәрежелері және олардың диагностикасы
Остеопороздың даму дәрежелері диагностика процесінде немесе клиникалық көріністер бойынша анықталады.
Остеопорозды ерте (симптомсыз) кезеңдерде анықтауға мүмкіндік беретін негізгі диагностикалық әдіс болып денситометрия немесе қос энергиялы рентгендік абсорбциометрия саналады - сүйектің минералдық тығыздығын (СМТ) анықтайтын арнайы зерттеу. Осы зерттеулердің көмегімен сүйек массасының 3-5 % ғана жоғалған жағдайда остеопороз диагнозын қоюға болады8.
Егде адамдарға денситометрияға көрсетімдер:
- 65 жастан асқан әйелдер мен 70 жастан асқан ерлер;
- сүйек тығыздығын төмендететін препараттарды (глюкокортикоидтарды, антацидтерді, иммуносупрессанттарды) қажет ететін ілеспелі аурулары бар науқастар;
- бұрын сүйектері сынған науқастар;
- остеопорозды емдеу нәтижелерін бағалау9.
Сонымен қатар, дәстүрлі рентгенография қолданылады, бірақ ол сүйек тінінің 20-35 % жоғалған жағдайда ғана остеопороз белгілерін тіркеуге қабілетті.
Егде адамдардағы остеопорозды қалай емдеуге болады?
Остеопорозбен ауыратын егде жастағы әйелдер мен ер адамдарға дәрі-дәрмектер тағайындалады, сондай-ақ дәрі-дәрмексіз емдеу ұсынылады.
Егде адамдардағы остеопорозды фармакологиялық емдеудің негізгі мақсаты - жаңа сүйек тінінің пайда болуын ынталандыру және оның жойылуын бәсеңдету. Мұндай шаралар сүйектің күйін тұрақтандыруға, сүйек тінінің сапасын жақсартуға және сынықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Остеопорозға қарсы препараттар келесі топтарға бөлінеді:
- сүйек тініне көп факторлы әсер ететін: кальцийдің, басқа да минералдардың және D дәруменінің, оның ішінде оның белсенді метаболиттерінің кешенді препараттары7;
- сүйек тінінің жойылуын (резорбциясын) бәсеңдететін: бисфосфонаттар, әйелдерге арналған синтетикалық эстрогендер, басқа гормондардың (кальцитониннің, паратгормонның) аналогтары, ЭРСМ (эстрогенді рецепторлардың селективті модуляторлары);
- сүйектің түзілуіне ықпал ететін: анаболикалық стероидтер, тестостерон (ерлер үшін), фторидтер, паратироид гормоны.
Кальций тұздары бар дәрі-дәрмектерді егде жастағы остеопорозды заманауи емдеуге арналған басқа препараттармен үйлестіреді. Олар кальцийге күнделікті қажеттілікті қанағаттандыруға көмектеседі - 1000-1200 мг, сондай-ақ басқа да остеотропты минералдарды (мыс, бор, марганец, мырыш және т.б.) қамтуы мүмкін. Олар кальцийдің сүйектен шайылуына жол бермейді, сүйек тінін құру процесінде арматура ретінде әрекет ететін коллаген торының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Адекватты тәуліктік дозада барлық қажетті құрамдастарды қамтитын кешенді препараттарды қабылдау ыңғайлы8.
Кешенді кальций препараттарының мысалы – Кальцемин® мен Кальцемин® Адванс. Оларды жыл бойы емдеу үшін қолданғанда сүйек тінінің тұрақтануы, тіпті сүйектің минералдық тығыздығының шамалы өсуі байқалды10. Егде адамдар үшін D дәруменінің жеткілікті дозасы (тәулігіне 400-800 ХБ) маңызды11. Қолдану жеңілдігінен басқа, Кальцемин® препараттарының желісі ұзақ мерзімді терапия кезінде емделушінің оны жақсы көтере алушылығымен ерекшеленеді12.
Егде адамдардағы остеопороздың профилактикасы
Бастапқы профилактика қаңқаны нығайтудан, аурудың дамуына дейін сүйекті осалдықтан қорғаудан тұрады. Остеопорозға қарсы дәрі қабылдаудан басқа, егде адамдарға кальций, ақуыз және дәрумендермен байытылған диета тағайындалады. Сонымен қатар, физикалық жүктемесі бірқалыпты спортпен айналысу және салауатты өмір салтын ұстану маңызды13.
Қайталама профилактика - остеопороз диагнозы қойылған кезде сынықтарды болдырмауға бағытталған шаралар. Оларға: қауіп факторларын бағалау, құлауға бейім (ми қан айналымының бұзылыстары, жүйке жүйесінің басқа аурулары бар немесе седативті препараттарды қабылдайтын) науқастарды анықтау, салмақты бақылау мәселелерін шешу, емдік дене шынықтыру жаттығуларын жүргізу, тамақтану жөніндегі кеңестер беру, сондай-ақ кальций мен D дәрумені препараттарын қосымша қабылдау жатады10.
1. Никитинская О. А., Торопцова Н. В., Аникин С. Г., Короткова Т. А., Демин Н. В., Беневоленская Л. И. Профилактика первичного остеопороза у женщин комплексным препаратом Кальцемин Адванс (результаты открытого годового исследования) // Научно-практическая ревматология. 2008. №3. C. 73-77.
2. Исмаилов С. И., Ходжамбердиева Д. Ш., Рихсиева Н. Т. Остеопороз и низкоэнергетические переломы шейки бедра как осложнение различных эндокринных заболеваний (обзор литературы) // МЭЖ. 2013. №5 (53). С. 115.
3. Горобец Людмила Николаевна, Поляковская Татьяна Павловна, Литвинов Александр Викторович, Василенко Любовь Михайловна, Буланов Вадим Сергеевич Проблема остеопороза у больных с психическими расстройствами при нейролептической терапии. Часть 1 // Социальная и клиническая психиатрия. 2012. №3. С. 107.
4. Мурадянц Анаида Арсентьевна, Шостак Н. А., Клименко А. А. Постменопаузальный остеопороз в практике клинициста: диагностика и лечение // Клиницист. 2007. №3. С.30.
5. Свешников Анатолий Андреевич, Овчинников Евгений Николаевич Возрастные изменения минеральной плотности костей скелета мужчин // Гений ортопедии. 2010. №3. С. 163.
6. Остеопороз. Диагностика, профилактика, лечение. Клинические рекомендации под редакцией О. М. Лесняк, Л. И. Беневоленской // Москва, «ГЭОТАР-Медиа», 2010.
7. Лесняк Ольга Михайловна Актуальные вопросы диагностики и лечения остеопороза у мужчин в амбулаторной практике // Российский семейный врач. 2017. №1. С. 41.
8. Мурадянц А. А., Шостак Н. А. Остеопороз в общетерапевтической практике: от диагностической гипотезы — к дифференциальному диагнозу. Клиницист, №2, 2012, с.67-75
9. Методические рекомендации. Остеоденситометрия. от 22.03.2017 № 10. С. 9-11.
10. Лила А. М. Кальцемин Адванс в профилактике остеопороза. Эффективная фармакотерапия в эндокринологии. Сентябрь, 2010.
11. Дятчина Л. И. Этиология, диагностика и лечение остеопороза с позиций «медицины, основанной на доказательствах» // Ревматология. №7 (66), 2011. С.35-42.
12. Мазуров В.И., Сергеева А.А., Трофимов Е.А. Роль препаратов кальция в комплексном лечении постменопаузального остеопороза // МС. 2016. №5. С. 115-119
13. Торопцова Н. В. Стандарты лечения остеопороза. Рекомендации EULAR // Научно-практическая ревматология, №2, 2008.