Остеопороздың профилактикасы

Мазмұны

Остеопороз - сүектің тығыздығының төмендеуімен, сүйек тіні құрылымының бұзылуымен және солардың салдарынан тіпті кішігірім жарақаттанудың өзінде сүйектің сынуымен сипатталатын дегенерациялық сүйек ауруы1.

Остеопороздың жиілігі мен айқындығы жас ұлғайған сайын үздіксіз артады. Осылайша, Қазақстанда және ТМД елдерінде 50 жастан асқан адамдарда остеопороз әйелдердің 34%-ында және ерлердің 27%-ында кездеседі1.

Остеопороздың екі негізгі түрі бар:

  • Бастапқы остеопороз. Сүйектің құрылымдық компоненттерінің жетіспеушілігі белгілі бір себепсіз оқшауланған ауру ретінде дамиды. Бұған әйелдердегі постменопаузалық остеопороз да кіреді. Бастапқы остеопороз дұрыс тамақтанбау және қоршаған орта факторларының әсерінен ағзада әртүрлі микроэлементтер мен дәрумендердің жетіспеушілігінің көрінісі болып саналады.
  • Қайталама остеопороз. Гормондық немесе жұқпалы аурудың (әдетте созылмалы) теріс әсерінен, сондай-ақ белгілі бір дәрі-дәрмектерді (глюкокортикоидтарды) қабылдау себепті дамиды. Қайталама остеопороздың пайда болуының көптеген белгілі себептері бар1.

Остеопороздың симптомдары

Негізгі проблема науқастар аяқ-қолын, жамбас немесе омыртқа сүйектерін бірнеше рет ерекше сындырғаннан кейін барып, аурудың жиі кешігіп анықталуында1.

Осы фактіні ескере отырып, қауіп-қатер тобына жататын барлық науқастар остеопороздың болуына міндетті скринингтік тестілеуден өтуі тиіс2.

Остеопороздың диагностикасы және профилактикасы

Остеопороздың диагностикасы және профилактикасы үшін сүйек метаболизмінің әртүрлі биохимиялық маркерлері (мысалы, остеокальцин, паратгормоны, D дәрумені, қан сарысуындағы CrossLaps және т.б.), гистологиялық (микроскопиялық зерттеу үшін сүйектің бір бөлігі алынады) және сәулелік (рентгенография, компьютерлік томография, денситометрия) зерттеу әдістері қолданылады3.
Алайда остеопороз диагностикасының алтын стандарты сүйектің минералдық тығыздығын анықтаудың радиологиялық әдісі болып табылады. Бұл әдіс сүйектегі минералдардың концентрациясын шартты бірліктерде көрсетуге мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижелері бойынша, остеопороз ауырлығының 3 дәрежесі (кезең) болады:

  • Остеопения
  • Остеопороз
  • Ауыр остеопороз1

Кезеңдерге бөлу мұнан былайғы емдеу және алдын алу шараларының жоспарын анықтау үшін негізгі фактор болып табылады.

Остеопороздың емі және профилактикасы

Остеопорозды емдеу мен алдын алудағы негізгі мақсат - сүйектің минералдық тығыздығын арттыру және осылайша төмен жарақаттық сынықтардың пайда болу қаупін азайту2. Ауруды емдеу және одан әрі оның алдын алу үшін дәрілік препараттардың екі түрі қолданылады:

  • Резорбцияға қарсы препараттар (сүйек тінінің ыдырау қарқындылығын төмендетеді).
  • Анаболикалық препараттар (сүйектің түзілу қарқындылығын арттырады)1

Тиімді емдеудің негізі - сүйекті микроэлементтер мен дәрумендердің қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету. Ол үшін құрамында міндетті түрде кальций мен D дәрумені бар кешенді препараттар терапевтік дозаларда қолданылады1.

Сәйкес мақалалар

Остеопорозды алдын алу

Минималды жүктеме кезінде сынулардың пайда болуының бір себебі – остеопороз болуы мүмкін. Бұл созылмалы, прогрессивті жағдайда сүйек тінінің минералды құрамы өзгеріп, оның тығыздығы азаяды және сүйектің ішкі құрылымы бұзылады.

Қосымша ақпарат алу

Күнделікті кальций қабылдау

Адам ағзасында кальций болмайтын бірде-бір мүше немесе тін жоқ. Ағзадағы кальцийдің ең жоғары концентрациясы сүйек пен тістерде кездеседі.

Қосымша ақпарат алу

Кальцийдің шайылуы

Остеопороз кезінде сүйек тіні қалыпты түрде жаңармай, кальцийді сақтай алмай қалады; сүйек ыдырайды, бірақ жеткілікті түрде қалпына келмейді. Остеопороздың ең жиі кездесетін себебі – менопауза басталғаннан кейінгі гормоналды өзгерістер.

Қосымша ақпарат алу

Кальций мен D3 дәруменінің тапшылығы

Біз бәріміз кальцийдің барлық әйелдер үшін (әсіресе 45 жастан асқандарға) сынықтар мен остеопороздың алдын алуда маңызды екенін білеміз. Көптеген адамдар сүйектерін нығайту үшін кальций қоспалары мен D3 дәруменін қабылдайды, өйткені ол кальцийдің сіңірілуін тиімдірек қамтамасыз етеді.

Қосымша ақпарат алу