Остеопорозды дұрыс емдеу

Остеопорозды дұрыс емдеу

Мазмұны

Остеопороз – бұл заттардың, атап айтқанда, фосфор, кальций, D дәрумені, кейбір гормондар және сүйек массасының түзілуі мен жойылуына жауап беретін басқа компоненттердің алмасуының бұзылысымен байланысты созылмалы ауру. Осындай өзгерістердің нәтижесінде сүйек тінінің беріктігі төмендейді және соның салдарынан кішігірім жарақат алғанның өзінде сынықтар пайда болады. Ауыр остеопороз туралы науқастың анамнезінде ондай сынықтар бұрыннан болған кезде айтылады. Әдетте, омыртқа денелері, кәріжілік, сан сүйегі және қаңқаның басқа да үлкен сүйектері зақымдалады.

50 жастағы және одан асқан Қазақстан тұрғындарында остеопороз әйелдердің 34%-ында және ерлердің 27% -ында анықталған, бұл ретте аурудың жиілігі егде жастағы топтарда артуда. Мәселе мынада, аурудың салдары ұзақ емдеуді қажет етеді, ал кейбір жағдайларда науқастың өліміне әкелуі мүмкін. Сонымен, дер кезінде және дұрыс таңдалған аурудың емі сыну қаупін азайтады.

Қауіп факторлары

Остеопороздың дамуының басты қауіп факторлары:

  • Бұрынғы сынықтар - ең маңызды себепші фактор. Бұл ретте олардың саны мен орналасқан ошағы маңызды. Остеопороздың даму қаупі бойынша ең қауіптісі - кенеттен немесе өз бойындай биіктіктен құлаған кезде пайда болатын төмен жарақаттық сынықтар.
  • Жас. Шамамен 50 жастан бастап сүйектің минералдық тығыздығы төмендейтіні белгілі. 65 жастан кейін бұл процестер айқынырақ көрінеді, сондықтан остеопороздың даму қаупі максималды.
  • Жыныс. Әйелдерде ерлерге қарағанда остеопороздың даму қаупі жоғары. Сонымен қатар, егде жастағы әйелдерде сүйектің минералдық тығыздығының төмендеу процестері анағұрлым қарқынды жүреді, бұл менопауза кезеңімен байланысты.
  • Тұқым қуалайтын бейімділік. Бұған сүйектің төмен минералдық тығыздығы мен диагноз қойылған остеопороз ғана емес, сонымен қатар сыну да жатады. Яғни, жақын туыстардың сүйектері жиі сынатын болса, олардың ұрпақтарында остеопороздың даму қаупі жоғары болады.

Басқа маңызды қауіп факторларына темекі шегу мен ішкілікке салыну, жыныстық гормондардың жетіспеушілігі (ерлерде де, әйелдерде де), дене салмағының төмендігі, кальций мен D дәруменін жеткіліксіз қабылдау және т.б. жатады

Остеопороздың симптомдары

Остеопороздың жеңіл және ауыр кезеңдерін уақтылы емдеу қиынға түседі, өйткені науқастар бір жері сынбайынша медициналық көмекке жүгінбейді. Аурудың басталып кеткенінен күдіктеніп, қажетті шараларды ертерек қабылдау үшін нақты симптомдар жоқ. 

Сынықтарға келетін болсақ, олар бұрынғы жарақатсыз немесе өз бойындай биіктіктен құлаған кезде пайда болады. Сонымен қатар, тіпті түшкіру, жөтелу немесе кез келген кенет қозғалыс кезінде сүйекті сындырып алуға болады. Көбінесе сан сүйегі мен кәріжілік, сондай-ақ кеуде мен бел омыртқалары зақымдалады.

Нақ сынықтарға байланысты қосымша симптомдар дамиды, солардың ішінде:

  • Ауырсыну.
  • Деформация.
  • Функционалдық шектеулер.
  • Науқастың бойының аласаруы.

Остеопороздың барлық осы көріністері науқастың өмір сүру сапасының нашарлауына әкеледі, өзіне қызмет көрсетуді қиындатады және жұмысқа қабілеттілікті төмендетеді.2 

Остеопороздың диагностикасы және емі

Остеопороздың диагностикасы негізінде сүйектің минералдық тығыздығын өлшеу жатыр. Ол үшін рентгендік және ультрадыбыстық (сүйектің минералдық тығыздығын өлшейтін арнайы құрылғыларды қажет етеді) әдістер қолданылады. Сүйек тініндегі минералдардың алмасуын бағалау үшін зертханалық зерттеулер тағайындалады.

Емдеу бірнеше бағытта жүргізіледі. Атап айтқанда:

  • Фармакологиялық емес әдістер – өмір салтын өзгерту, қозғалыс белсенділігін арттыру, құлаудың алдын алу, сынықтарды болдырмайтын арнайы құралдарды (сан сүйегін қорғаушыларды) қолдану, рационға кальцийге бай азық-түлікті қосу және т.б. Бұл шаралар міндетті болып табылады және барлық науқастарға тағайындалады.
  • Дәрі-дәрмекпен емдеу сынықтардың пайда болу қаупін азайтатын препараттарды тағайындауды қамтиды. Бұл жағдайда емдеу тәсімі ерлер мен әйелдер үшін өзгеше болуы мүмкін. 

Сынықтардың пайда болу қаупін азайтудың бір жолы - кальцийді жеткілікті тұтыну. Бұл минерал ағзаға тамақ немесе әртүрлі препараттар мен биологиялық белсенді қоспалар арқылы енеді. Сонымен қатар, кальцийдің қажетті мөлшері ағзаға өмір бойы жеткізілуі керек. 

  1. Остеопороз Клинические рекомендации Российская Ассоциация Эндокринологов Год утверждения 2016 https://www.endocrincentr.ru/

  2. Остеопороз / под ред. О.М. Лесняк, Л.И. Беневоленской. — 2-е изд., перераб. и доп. — М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. https://endoinfo.ru/guidelines/rus_osteoporos2009.pdf

  3. Клинический протокол диагностики и лечения остеопороза. Министерство здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от «29» сентября 2016 года. http: //www.rcrz.kz

LMR-CH-20210517-22

Сәйкес мақалалар

Омыртқаның остеопорозы: белгілері және емдеу

Бұл аурудың ең жиі кездесетін формаларының бірі – остеопотикалық сипаттағы омыртқаға зақым. Алғашқы кезеңдерде ауру нақты емес белгілермен көрініс тауып, оны күдіктенуге негіз болмайды.

Қосымша ақпарат алу

Остеопороздың белгілері мен симптомдары

Остеопороз – сүйек минералды тығыздығының төмендеуімен және сүйек құрылысының бұзылуымен сипатталатын метаболикалық бұзылыс.

Қосымша ақпарат алу

Қарт адамдардағы остеопороз

Қарт адамдардағы остеопороз сүйек сыну қаупін арттырады және олардың өмір сапасын айтарлықтай төмендетуі мүмкін. Бұл мақалада біз осы жағдайдың себептерін, оның ерте белгілерін, заманауи емдеу әдістерін және алдын алу шараларын талқылаймыз.

Қосымша ақпарат алу

Остеопорозды дұрыс емдеу

Минималды жүктеме кезінде сынулардың пайда болуының бір себебі – остеопороз болуы мүмкін. Бұл созылмалы, прогрессивті жағдайда сүйек тінінің минералды құрамы өзгеріп, оның тығыздығы азаяды және сүйектің ішкі құрылымы бұзылады.

Қосымша ақпарат алу

Остеопения

Остеопения көбінесе айқын белгілерсіз дамиды, бірақ егер емделмесе, сүйектің беріктігінің төмендеуіне және остеопороздың дамуына әкелуі мүмкін.

Қосымша ақпарат алу

Кальций және сынықтар

Сүйек сынулары барлық жарақаттардың шамамен 21,5 пайызын құрайды. Сүйектің жазылуы – организмге айтарлықтай жүктеме түсіретін өмірлік маңызы бар физиологиялық процесс. Дұрыс бірігуі болмаған жағдайда бұл қаңқа-бұлшықет жүйесінің ауыр бұзылуларына және өмір сапасының төмендеуіне әкеледі.

Қосымша ақпарат алу

Сүйек сынуларының алдын алу

Кальций барлық әйелдер үшін (әсіресе 45 жастан асқандарға) сүйек сынулары мен остеопороздың алдын алуда маңызды. Көптеген әйелдер сүйектерін нығайту үшін кальций қоспалары мен D3 дәруменін қабылдайды, бұл ағзаға кальцийді тиімді сіңіруге көмектеседі.

Қосымша ақпарат алу