Омыртқа остеопорозы: симптомдары мен емі

Омыртқа остеопорозы: симптомдары мен емі

Мазмұны

Остеопороз - қаңқаның жүйелі ауруы. Ол сүйек осалдығының артуымен және сынуға беймділікпен сипатталады. Ауру ағымының кең таралған түрлерінің бірі - омыртқаның остеопороздық зақымдануы.
Бастапқы кезеңдерде ауру ауырдым деп күдіктенуге мүмкіндік бермейтін өзіндік ерекшеліксіз симптомдарымен байқалады. Сүйек тығыздығы айқын төмендеген кезде омыртқалардың компрессиялық сынуы басталады. Бұл әртүрлі функционалдық бұзылыстарға және өмір сапасының күрт төмендеуіне әкеледі.

Аурудың пайда болу себептері

Остеопороздың пайда болу себебі - сүйек тініндегі метаболизмнің (зат алмасудың) өзгеруі. Қаңқада сүйектердің бұзылу процестері басым бола бастайды, ал жаңа сүйек массасының түзілу жылдамдығы күрт төмендейді.

Остеопороз – баяу дамитын созылмалы ауру. Оған әйелдер көбірек шалдыққыш. Мәселен, сүйек құрылымындағы өзгерістер пременопауза кезеңде-ақ басталады. Бұл процестер бірте-бірте үдей түседі, постменопауза кезінде шыңына жетеді. 65 жасқа қарай көптеген әйелдерде сүйек тығыздығы норманың төменгі шегіне жетеді.1

Ауру жасырақ адамдарда да қауіп факторлары болған кезде пайда болуы мүмкін. Оларға мыналар жатады:

  • астеникалық («нәзік») денебітім – арық әйелдерде омыртқа остеопорозы жиі дамиды;
  • европеоид нәсілі;
  • жаман әдеттер және дұрыс тамақтанбау - темекі шегу, кофе мен алкогольді шамадан тыс тұтыну;
  • эндокриндік патологиялар;
  • эндокринные патологии;
  • әйелдерде менопаузаның ерте басталуы;
  • бірқатар гормоналды препараттарды қабылдау;
  • генетикалық және экологиялық факторлар;
  • төмен қимыл белсенділігі.2

Симптомдары

Омыртқа сүйегінің қосымша сынуынсыз остеопороз қандай да бір симптоматика тудырмайды. Ұзақ уақыт бойы науқас ауруға шалдыққаны туралы білмеуі мүмкін.

Омыртқа остеопорозының негізгі және ең қауіпті симптомы – омыртқаның төмен энергиялық сынықтары. Олар тіпті кішігірім жарақат алғанда немесе олсыз пайда болады. Сыну мезетінде зақымдалған омыртқа аймағында өткір ауырсыну пайда болады. Ауырсыну синдромы жергілікті сипатқа ие. Ол қозғалғанда, жөтелгенде және түшкіргенде, сондай-ақ зақымдалған омыртқа аймағын пальпациялағанда (ұстағанда) күшейе түседі.

Компрессиялық сынықтардың әдетте ошақталатын жері – омыртқаның кеудеден төмен немесе белден жоғары бөлігі. Сегізкөздің сынуы сирек кездеседі. Бұл жағдайда ауырсыну бел-сегізкөз аймағында ошақталады, кейде ол бөксеге немесе аяққа тарайды.3

Омыртқа остеопорозының жанама (қосалқы) симптомдары:

  • бойдың үдемелі аласаруы (1-3 жылда 2 см және одан да көп, немесе 25 жаста болған бойдан 4 см-ден астам);
  • айқын кеуде кифозы - егер науқас қабырға жанына тұрса, қабырға мен оның желкесі арасындағы қашықтық 5 см-ден асады;
  • төменгі қабырғалар мен жамбас сүйектің жалпақ басы арасындағы қашықтық екі саусақтың енінен аз немесе оған тең болады.

Бұл симптомдар бір немесе бірнеше компрессиялық сынықтың болуымен байланысты омыртқа бағанасының деформациясын көрсетеді.4

Остеопороз неврологиялық бұзылыстармен жиі қатар жүреді. Мысалы, омыртқаның белден жоғары бөліктері зақымдалғанда, ішке, шап аймағына және санның алдыңғы-ішкі бойымен таралатын ауырсыну байқалады. Бұл жұлын түбіршіктерінің омыртқаның деформациясы жағдайында патологиялық процеске қатысуын көрсетеді.3

Диагностикасы және емі

Диагностиканың негізгі әдісі – омыртқа бағанасының визуализациясы және сүйек тінінің минералдық тығыздығын анықтау. Мұны істеу үшін дәрігер омыртқаны бірнеше проекцияларда рентгенге түсіруді, компьютерлік және магниттік-резонансты томографияны тағайындауы мүмкін. Типтік компрессиялық сынықтар анықталған кезде диагноз күмән тудырмайды. Сүйек тығыздығының төмендеуін денситометрия әдісі арқылы тексеруге болады.

Омыртқа остеопорозын емдеуге болатын нұсқаларды бірнеше топқа бөлуге болады:

тәртіп шаралары – құлаудың және басқалай жарақаттанудың профилактикасы, қауіп факторларын жою (темекі шегу, тамақтанудағы қателіктер және т.б.);

емдік дене шынықтыру мен физиотерапия процедуралары;

дәрі-дәрмектердің (ауырсынуды басатын дәрілер, тамырға арналған препараттар) көмегімен ауырсынуды және басқа ілеспе симптомдарды жою;

фосфор мен кальцийдің дұрыс алмасуын қалпына келтіру.

Терапияның негізгі элементі - сүйек тінінде қалыпты метаболизмді қамтамасыз ету. Ол үшін кальций мен D дәрумені препараттары, сондай-ақ резорбцияға қарсы (сүйек тінінің сорылуын болдырмайды) және анаболикалық дәрі-дәрмектер (көрсетімдер бойынша) тағайындалады.

Кальций мен D дәрумені тек емдік мақсатта ғана емес, профилактикалық мақсатта да қолданылуы мүмкін. Бұл заттардың ағзаға жеткілікті мөлшерде түсуі фосфор-кальций алмасуы мен сүйектің саулығы үшін маңызды.4

  1.  Худяев А.Т., Прудникова О.Г., Ларионова Т.А, Овчинников Е.Н., Михалова Е.А. Современные подходы к лечению больных с переломами позвонков на фоне постменопаузального остеопороза позвоночника. Гений ортопедиии.2009. №3 https://cyberleninka.ru/
  2. Помников В.Г. Токаева С.С. Абазиева Н.Л., Онищенко Е.Ф. Остеопороз позвоночника как мультидисциплинарная проблема и состояние жизнедеятельности больных. МС. 2015. №4 https://cyberleninka.ru/article/n/osteoporoz-pozvonochnika-kak-multidistsiplinarnaya-problema-i-sostoyanie-zhiznedeyatelnosti-bolnyh
  3. Исайкин А.И. , Исайкина О.Ю. Боли в спине и остеопороз. Регулярные выпуски «РМЖ» №9 от 17.12.2019 стр. 33-39 https://www.rmj.ru/
  4. Жугрова Е.С. , Самигуллина Р.Р. , Смакотина А.И. , Чакиева Д.С. Остеопороз: взгляд ревматолога. Регулярные выпуски «РМЖ» №4(I) от 24.04.2018 стр. 20-24 https://www.rmj.ru/

LMR-CH-20210412-19

Сәйкес мақалалар

Омыртқаның остеопорозы: белгілері және емдеу

Бұл аурудың ең жиі кездесетін формаларының бірі – остеопотикалық сипаттағы омыртқаға зақым. Алғашқы кезеңдерде ауру нақты емес белгілермен көрініс тауып, оны күдіктенуге негіз болмайды.

Қосымша ақпарат алу

Остеопороздың белгілері мен симптомдары

Остеопороз – сүйек минералды тығыздығының төмендеуімен және сүйек құрылысының бұзылуымен сипатталатын метаболикалық бұзылыс.

Қосымша ақпарат алу

Қарт адамдардағы остеопороз

Қарт адамдардағы остеопороз сүйек сыну қаупін арттырады және олардың өмір сапасын айтарлықтай төмендетуі мүмкін. Бұл мақалада біз осы жағдайдың себептерін, оның ерте белгілерін, заманауи емдеу әдістерін және алдын алу шараларын талқылаймыз.

Қосымша ақпарат алу

Остеопорозды дұрыс емдеу

Минималды жүктеме кезінде сынулардың пайда болуының бір себебі – остеопороз болуы мүмкін. Бұл созылмалы, прогрессивті жағдайда сүйек тінінің минералды құрамы өзгеріп, оның тығыздығы азаяды және сүйектің ішкі құрылымы бұзылады.

Қосымша ақпарат алу

Остеопения

Остеопения көбінесе айқын белгілерсіз дамиды, бірақ егер емделмесе, сүйектің беріктігінің төмендеуіне және остеопороздың дамуына әкелуі мүмкін.

Қосымша ақпарат алу

Кальций және сынықтар

Сүйек сынулары барлық жарақаттардың шамамен 21,5 пайызын құрайды. Сүйектің жазылуы – организмге айтарлықтай жүктеме түсіретін өмірлік маңызы бар физиологиялық процесс. Дұрыс бірігуі болмаған жағдайда бұл қаңқа-бұлшықет жүйесінің ауыр бұзылуларына және өмір сапасының төмендеуіне әкеледі.

Қосымша ақпарат алу

Сүйек сынуларының алдын алу

Кальций барлық әйелдер үшін (әсіресе 45 жастан асқандарға) сүйек сынулары мен остеопороздың алдын алуда маңызды. Көптеген әйелдер сүйектерін нығайту үшін кальций қоспалары мен D3 дәруменін қабылдайды, бұл ағзаға кальцийді тиімді сіңіруге көмектеседі.

Қосымша ақпарат алу