Мазмұны
- Анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері
- Тырнақ неліктен сынғыш болады?
- Күйінің сипаттамасы және диагностикасы
- Емдеу жолдары
Тырнақтың патологиялық күйі тар шеңберлі мамандардың (дерматологтардың) ғана емес, басқа мамандықтар дәрігерлерінің де назарын көбірек аударады. Тырнақ пластинасының және оны қоршаған тіндердің аурулары жиі кездеседі. Бір жағынан, бұл қол мен аяқты зақымдайтын зең патологияларының кең таралуымен байланысты. Екінші жағынан, тырнақтың өзгеруі, баяғыдан бері, бір қарағанда теріге және оның қосалқыларына ешқандай қатысы жоқ мүшелер мен жүйелерде проблемалардың болуын көрсететін ерте симптом болып табылады1.
Тырнақтың жұқа және сынғыш болуы айтарлықтай жиі кездесетін проблема. Бұл белгілі бір патологияның нақты белгісі болмаса да, ағзадағы қандай да бір заттардың жетіспеушілігінің көрсеткіші немесе аурудың симптомы болуы мүмкін, әсіресе басқа да қосымша көріністер байқалса.
Анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері
Тырнақ неліктен сынғыш болады?
Бұл жағдай тырнақтың және оның құрамдас бөліктерінің нәрленуінің бұзылуымен сипатталатын, ониходистрофия деп аталатын ауруға жатады. Тырнақ сынғыштығының себептері көп. Олар тұтастай алғанда бүкіл ағзаға әсер ететін сыртқы да, ішкі де факторлар болуы мүмкін.
Жұқа сынғыш тырнақ – бұл әйел затын жиі мазалайтын проблема1. Жас әйелдер тырнаққа арналған лакты жиі пайдаланады, қолына үнемі маникюр және басқа косметикалық процедуралар жасайды, ал постменопауза кезінде кальций-фосфор алмасуының бұзылуы бірінші орынға шығады.
Сонымен қатар, әйелдердің тырнағы бала емізу кезеңінде де бұзылады, өйткені ананың ағзасынан сүтпен бірге маңызды минералдар (соның ішінде кальций) шайылады.
Тырнақтың күйіне жағымсыз әсер ететін басқа сыртқы факторлардың арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады:
- Қолды ыстық суға жиі салу.
- Тұрмыстық химияның әсері.
- Өнеркәсіпте қолданылатын химиялық заттар.
- Ұзақ салқындау және жиі құрғау сияқты физикалық факторлар.
- Жиі жарақаттану түріндегі механикалық әсердің іздері (мысалы, ішекті аспаптарда ойнайтын музыканттарда)1.
Көбінесе сынғыштықпен сипатталатын онихошизис (тырнақ пластинкасының жарықшақтануы) соматикалық немесе жұқпалы ауруларда болуы мүмкін. Мысалы, ерлерде тырнақтың сынғыштығы саусақтарды зақымдайтын зең ауруларымен байланысты3. Бұл жағдай тағамда кальцийдің жетіспеуінен немесе оның асқазан-ішек жолында сіңірілуінің бұзылуы салдарынан, темір тапшылықты анемиядан, А мен С дәрумендерінің жетіспеушілігінен туындауы мүмкін. Тырнақтар, әсіресе аяқ саусақтарының тырнақтары қант диабеті кезінде «диабеттік аяқтың» дамуы, тырнақ ернеуі қылтамырлары қабырғаларының қатты сынғыштығы және аяқ саусақтарының аяқ киіммен ұзақ қысылуы себепті қабыршақтануы мүмкін.
Күйінің сипаттамасы және диагностикасы
Тырнақтың сынғыштығын анықтау өте оңай. Емделушілер барлық қабаттарда кемістігі бар (кейде тек үстіңгі қабатта) бос жиектегі пластинаның сынуына жиі шағымданады. Онихошизис кезінде тырнақтың дұрыс емес өсуі байқалады - бос жиегіне дейін ол қалыпты өседі, содан кейін бір-бірінің үстінде жатқан бірнеше жұқа пластиналарға бөлінеді, ақырында сынады1.
Тырнақтың сынғыштығын диагностикалауды және емдеуді көп жағдайда дерматолог жүргізеді. Миколог, терапевт, гематолог немесе эндокринологпен кеңесу артық болмайды. Ониходистрофияны анықтауға арналған зертханалық зерттеулер (бұл жағдайда сынғыш тырнақ) көбінесе мыналарды қамтиды:
Емдеу жолдары
Сынғыш тырнақты, сондай-ақ жалпы ониходистрофияларды емдеу үшін консервативті терапия қолданылады. Тырнақты сынғыштықтан қалай сақтауға болатынын білу үшін дерматологқа жүгіну керек. Өз бетіңізше емдеумен айналыспаңыз.
Тырнақтың сынбауы үшін емдеу жоспарына басқа дәрумендер мен минералдармен бірге кальций препараттарын қосу қажет. Осы жоспарда Кальцемин дәрумен-минералдық кешені артықшылыққа ие. Кальцийдің өзінен басқа (ал ол бейорганикалық заттардың ішінде тырнақта ең көп болады), препарат құрамында D3 дәрумені, бор, мырыш, мыс пен марганец бар4.
Көптеген емделушілерді үйде сынғыш тырнақты қалай нығайтуға болатыны қызықтырады. Қылқан сығындысы, кебек, крахмал немесе натрий гидрокарбонаты (ас содасы) қосылған ыстық ванналарды қабылдауға болады. Сонымен қатар, шипалы балшық, парафин немесе озокерит жағу ұсынылады1. Мұндай ұсыныстарды емдеуші дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдануға болады.
Мамандар тырнақ саулығын сақтауға көмектесетін қарапайым ережелерді елемеуге болмайтынын айтады. Мұндай ұсыныстар гигиеналық процедураларды сақтауды, дұрыс толыққанды тамақтануды, сондай-ақ зиянды химиялық және физикалық факторларды болдырмауды немесе азайтуды қамтиды. Сонымен бірге тырнаққа арналған лактар мен лак кетіргішті шамадан тыс пайдалануға болмайды.