Остеопороздың белгілері мен симптомдары

Остеопороздың белгілері мен симптомдары

Мазмұны

Остеопороз 21 ғасырдың індеті деп аталады. Бұл оның кең таралуымен, сондай-ақ науқастардың пайыздық үлесінің артуы үрдісімен байланысты. Статистикаға сәйкес, Қазақстанда елуден асқан әрбір 3-ші әйел мен 5-ші ер адам остеопороздан зардап шегеді.

Аурудың жоғары маңыздылығы оның ауыр салдарымен де байланысты. Остеопороздың аса қатты асқынуы - қаңқа сүйектерінің сынуы. Олар науқастардың мүгедектігіне, тіпті егде адамдардың өліміне әкеледі.1 Сонымен бірге, сүйек пен буын остеопорозының белгілері ұзақ уақыт бойы байқалмайды. Бұл аурудың ерте диагностикасын және терапияның уақтылы басталуын қиындатады.

Остеопороз дегеніміз не?

Остеопороз – сүйек тінінің минералдық тығыздығының төмендеуімен және оның құрылымының бұзылуымен сипатталатын метаболикалық ауру. Бұл процесс көптеген факторларға байланысты.2  Сайып келгенде, сүйектің сынғыштығы артады, тіпті жеңіл жарақаттану немесе орынсыз қимылдау кезінде сыну қаупі артады.

Остеопороз біртіндеп дамиды. Аурудың бастапқы кезеңдері байқалмайды. Әдетте, диагноз егде жастағы науқастардың қаңқа сүйектерінің сына бастауынан кейін анықталады.

Себептері мен қауіп факторлары

Сүйек тіні адамның өмірі бойы үнемі жаңарып отырады. Бұл процестердің қарқындылығы жас ұлғайған сайын табиғи түрде бәсеңдей түседі. Остеопороздың дамуының жалпы механизмі сүйек тінінің жойылу процестерінің сүйектің түзілу процестерінен басым болуы.3

Остеопороздың пайда болуының негізгі себептері бірқатар аурулармен, жай-күйлермен және жалғаспалы жағдайлармен байланысты:

  • алдыңғы сынықтар және жиі құлау;
  • 65-тен жоғары жас;
  • әйел жынысы;
  • европеоид нәсілі;
  • артық дене салмағы;
  • остеопороз бойынша ауырлаған тұқым қуалаушылық;
  • темекі шегу;
  • кальцийді жеткіліксіз тұтыну және D дәруменінің тапшылығы;
  • эндокриндік бұзылыстар;
  • белгілі бір препараттарды ұзақ уақыт қабылдау (мысалы, глюкокортикостероидтарды).1,2

Бұл факторлардың кейбіреулері түрленбейді (бақыланбайды). Мысалы, жас, жыныс, нәсіл және тұқым қуалаушылық – остеопороздың бақылауға келмейтін себептері. Басқалары, керісінше, оңай шешіледі. Оларға темекі шегу, семіздік және ағзадағы кальцийдің жетіспеушілігі жатады.

Клиникалық көрінісі

Буын мен сүйек остеопорозының бастапқы симптомдары жоқ. Бұл жүйелі аурудың бірінші және жалғыз көрінісі әртүрлі ошақтардағы патологиялық сынықтар болып табылады. Ол омыртқа денелерінің компрессиялық сынықтары, сан сүйегі мойынының және білек сүйегінің, басқа түтікше сүйектердің және қабырғаның сынуы болуы мүмкін.

Остеопороздағы сынықтар тіпті кішігірім жарақат салдарынан пайда болуы мүмкін. Мысалы, өз бойыңыздай немесе одан төмен биіктіктен құлаған кезде сүйек сынуы мүмкін. Кейбір жағдайларда сынықтар алдыңғы жарақаттанусыз да пайда болады.

Диагностикасы

Остеопороз диагнозы бірнеше тәсілмен қойылады. Біріншісі - 50 жастан асқан науқастарда, мысалы, кәріжіліктің төменгі үштен бір бөлігіндегі немесе сан сүйегінің мойынындағы кенеттен пайда болатын типтік сынық. Екінші тәсілі - қаңқа сүйектерінің рентгенографиясы және рентгенологиялық денситометрия әдісімен сүйек тінінің минералдық тығыздығын анықтау. Көмекші диагностикалық әдістерге кальций алмасуын анықтайтын зертханалық талдаулар, компьютерлік және магнитті-резонансты томография жатады.

Профилактикасы және емдеу жолдары

Остеопороздың терапиясы аурудың даму механизміндегі әртүрлі бөлімдерге әсер етеді және мыналарға бағытталған:

  • сүйектің опырылуын тоқтатуға;
  • сүйек массасының түзілуін ынталандыруға;
  • сыну қаупінің төмендеуіне.

Емдеу дәрі-дәрмекпен және оларсыз компоненттерді қамтиды. Пациенттерге жаман әдеттерден бас тарту, дозаланған физикалық белсенділікпен айналысу және құлаудан сақтану ұсынылады. Сыну қаупі жоғары болса, арнайы қорғаныс құралдарын кию керек.

Остеопороздың профилактикасы мен емінің маңызды бағыты – ағзадағы кальций мен D дәруменінің деңгейін қалыпқа келтіру. Кальций сүйектегі негізгі минералдардың бірі болып табылады, ал D дәрумені сүйек тінінің метаболизмін реттейді3.

  1. Торопцова Н.В. Остеопороз: взгляд на проблему диагностики и лечения. Современная ревматология. 2009. N3 https://cyberleninka.ru/
  2. Жугрова Е.С. , Самигуллина Р.Р. , Смакотина А.И. , Чакиева Д.С. Остеопороз: взгляд ревматолога. Регулярные выпуски «РМЖ» №4(I) от 24.04.2018 стр. 20-24 https://www.rmj.ru/
  3. Гависова А.А. , Твердикова М.А. , Якушевская О.В. Остеопороз: современный взгляд на проблему. РМЖ. Мать и дитя №21 от 23.08.2012 стр. 1110 https://www.rmj.ru/
  4. Инструкция по применению к препарату  Кальцемин®

LMR-CH-20210412-20

Тақырып бойынша материалдар

Ағзадан кальцийдің шайылуын қалай тоқтатуға болады?

Ағзадан кальцийдің шайылуын қалай тоқтатуға болады?

Остеопороз кезінде сүйек тіндері қалыпты түрде жаңарылуын және кальцийді өзінде сақтауды тоқтатады, сүйек опырылып, жеткілікті дәрежеде қалпына келмейді. Остеопороздың пайда болуының ең көп себебі - менопаузадан кейінгі гормондық өзгерістер.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Сүйек сынған кезде кальций қабылдау: сүйекке арналған кальций препараттары

Сүйек сынған кезде кальций қабылдау: сүйекке арналған кальций препараттары

Барлық жарақаттардың ішінде сүйектің сынуы шамамен 21,5%-ды құрайды. Сынықтардың бітуі - ағзадан айтарлықтай күш жұмсауды талап ететін аса маңызды физиологиялық процесс. Олардың дұрыс емес бітуі тірек-қимыл аппаратының ауыр бұзылыстарына және өмір сүру сапасының нашарлауына әкеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Сынудың алдын алу

Сынудың алдын алу

Сүйектің сынуы мен жарақаттануының алдын алу дегеніміз - тұрмыстық, көше және өндірістік жарақаттанудың алдын алу, сондай-ақ кальций тапшылығы мен остеопороздың дамуын болдырмау.

ТОЛЫҒЫРАҚ