Кальцемин® Сильвер дәрілік препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Саудалық атауы

Кальцемин® Адванс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Нет

Шығарылым нысаны

Пластик сауыттағы қабықшамен қапталған таблеткалар № 30.

Құрамы

Бір таблетканың құрамында мыналар бар:
белсенді заттар: кальций 500 мг (кальций цитраты және кальций карбонаты түрінде), D3 дәрумені (холекальциферол) 400 МЕ, магний (магний тотығы) 40 мг, мырыш (мырыш тотығы) 7,5 мг, мыс (мыс тотығы) 1 мг, марганец (марганец сульфаты) 1,8 мг, бор (натрий бораты) 250 мкг;
көмекші заттар: микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы, кроскармеллоза, соя полисахаридтері, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты (Е 572);
қабықша: гипромеллоза, магний силикаты, титан қостотығы, триацетин, минералдық май, сары бояғыш зат № 6 жылтыр сырлы (Е 110), көк бояғыш № 2 жылтыр сырлы (Е 132).

Физиологиялық әсері

Құрамына кіретін заттар кешенімен анықталады: D дәруменді кальций және макро-/микроэлементтер кешенімен. Үйлесімді құрамы фосфор-кальций алмасуына белсенді түрде әсер етеді.
Кальций – сүйек тінінің маңызды құрылымдық компоненті. Кальций карбонаты құрамында ең көп элементарлық кальциі бар тұз болып табылады. Кальций цитраты асқазан-ішек жолы қышқыл аздығы жағдайындағы науқастарда ББҚның тиімділігін арттырады, ұзақ уақыт бойы қолданғанда несеп шығару жолдарында тас пайда болу қаупін төмендетеді.
D3 дәрумені (холекальциферол) кальций байлаушы ақуыздардың синтезін ынталандыра отырып, аш ішекте кальцийдің сіңірілуін арттырады, кальцийдің бүйрек түтікшелерінде кальцийдің кері сіңірілуін арттырады. D дәрумені коллаген синтезін арттыру жолымен сүйек тінін қайта модельдеу үдерістерін жандандырады; остеокальциннің – сүйектердің пайда болуы және кальцийдің сүйектерде шөгуіне қажетті сүйек тінінің басты коллагендік емес ақуызының синтезін ынталандырады. Қаңқа сүйектерінің кальцийлендендірілуін қамтамасыз ете отырып, қалқанша без, қалқанша маңы, жыныс бездерінің функционалдық жағдайына әсер етеді.
Магний, мырыш, мыс, марганец және бор сияқты микроэлементтердің атқаратын ролі сүйек тіндерінің қызметін қалыпты ұстауда қажет.
Магний сүйек тінінің зат алмасуына қатысады, сүйектердің минралсыздандырылуына кедергі келтіреді. Кальцийдің қан тамырлары қабырғаларында, жүрек қақпақшаларында, бұлшықеттерде, несеп шығару жолдарында тұрып қалуын тежейді.
Ағзаның антиоксиданттық қорғанысы жүйесінің құрамына кіреді.
Кальций және магний иондарының арасында тығыз функционалдық байланыс бар. Магнийдің жетіспеушілігінде D витаминінің белсенділігі төмендейді, осының салдарынан ағзаның кальциймен қамтамасыз етілуі нашарлайды.
Мырыш жасушалардың өсуіне және қалпына келуіне жауап беретін ақуыздардың, нуклеин қышқылдарының синтезіне қатысатын 200-ден астам ферменттердің құрамына кіреді. Мырыш сүйек матриксінің негізгі элементі 1- ші тип коллагеннің шығарылуына қатысады, сүйек тінінің нығайтуына әсер етеді. Мырыштың жетіспеушілігі остеопороздың даму факторларының бірі болып саналады.
Мыс сүйек және шеміршек тіні матрицасын құрайтын дәнекер тіннің маңызды ақуыздары коллаген және эластин құрылысына қатысады.
Марганец паратгормон белсенділігін, сол арқылы сүйек тінінің белсенді минералдардың – кальций, фтор және магний алмасуын реттейді.
Бор паратгормон белсенділігін, сол арқылы сүйек тінінің белсенді минералдардың – кальций, фтор және магний алмасуын реттейді.
Бор кальцийдің ағзаға сіңуін реттейтін D витаминінің метаболизміне әсер етеді. Бор сүйек тіндерін қорғайтын қасиеті бар тестостерон, эстроген сияқты стероидты гормондардың синтезін ынталандырады. Бұл әсіресе постклимактериялық жастағы әйелдер арасында остеопороз дамуының күшеюі кезінде танымал.
Кальцемин Сильвер сүйек тіні тығыздығын арттырады, остеопорозда сыну қаупін азайтады, кальций, D дәрумені және егде жастағы адамдарда минералдардың жетіспеушілігінің орнын толтырады.

Қолдану жөніндегі ұсыныстар

Шығу себебі әр түрлі остеопороз жағдайында кальций, D3 дәрумені және макро-/микроэлементтер кешені көзі тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде ұсынылады; егде жастағы адамдар рационында кальций, D дәрумені, минералдар жетіспеушілігінде сыну қаупін төмендетеді; тістің және пародонттың сау жайын қолдау үшін.

Қолдану әдісі

Ішке қабылданады. Ересектерге тамақ ішу кезінде күніне 2 рет 1 таблеткадан.

Қарсы көрсетілімдері

ББҚ-ның компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық жағдайында, асқын кальцемияда, бүйрек ауруларында, бүйрек тасы ауруында, қатерлі ауруында, қалқанша маңы безі ауруларында, D дәрумені көбеюінде.
18 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды.

Ерекше нұсқаулар

Ұсынылатын тәуліктік мөлшерден аспауы керек.
Кальцемин Сильвер ББҚ-ның құрамында кальций немесе D дәрумені бар басқа да ББҚ бір уақытта қабылдауға болмайды. Кальций мен D дәруменін мөлшерден асырып жіберу жанама әсерлерге, соның ішінде гиперкальциемия мен гиперкальциурияға апарып соқтыруы мүмкін. 2500 мг кальций және D дәруменінің 4000 МБ жиынтықты тәуліктік мөлшерден асырмау үшін сақ болған жөн.
Кальций мен D дәрумені бар өнімдермен бірге ұзақ емдеу кезінде бүйрегі жеңіл немеме орташа деңгейде жеткіліксіз пациенттердің (егде жастағы пациенттерді қоса алғанда) қан сарысуы мен несебіндегі кальций деңгейін бақылап отыру керек.
№ 6 лак сары бояғышының (Е 110) – балалардың белсенділігі мен назарына теріс әсерін тигізуі ықтимал.

Сақтау шарттары

25 °С-тан аспайтын температурада. Балалардың қолы жетпейтін жерде түпнұсқа қаптамасында сақтау қажет.

Сақтау мерзімі

36 ай.

Тіркеу туралы куәлік иесі

Байер Консьюмер Кэр АГ, Швейцария, 4052 Базель, Петер Мериан-Штрассе, 84

Өндіруші

Контракт Фармакал Корпорейшн, 135 Адамс Авеню, Хопог, Нью-Йорк 11788 АҚШ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және ББҚ-ның тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Байер КАЗ» ЖШС
Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес-орталығы, пав. 15
050057 Алматы, Қазақстан Республикасы
Тел.: +7 701 715 78 46 – тәулік бойы
Тел.: +7 727 258 80 40 (106) – жұмыс уақытында
Факс: +7 727 244 70 01
e-mail: kz.claims@bayer.com

Кальцемин Адванс

Кальцемин®

Для профилактики дефицита кальция у беременных и детей с 5 лет

узнать больше